Facebook WhatsApp Instagram

0

МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВТЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ СУРЕТТЕРІ

 

Бесбаев Мейрамбек Әбіләшімұлы 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

 

Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Айнұр, Гүлнұр есімді екі қарындасы бар. Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады. 1994-98 жылдарда Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.

 

1997 жылы қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Н.Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал "МузАрт" тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен. 2002-2007 жылдарда Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.

 

МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВТЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ СУРЕТТЕРІ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: