Facebook WhatsApp Instagram

0

ГОНКОНГТЕ БОЛҒАН ЖҰМБАҚ ЖАҒДАЙ (ВИДЕО)

 

Гонконгтегі көшелердің біріндегі көліктің видеотіркеу құрылғысына жұмбақ жағдай видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
YouTube хостингіне жүктелген видеоның кадрларынан (53-ші секундта) минивэнге қарама-қарсы жерде белгісіз бір ер адамның пайда болғанын көруге болады. Сөмке асынған ер адам бірден орнынан тұрып, көз алдынан жоқ болып кетеді.
Қолданушылар бұл жұмбақ құбылысты түсіндірмек болып жатыр. Ал ролик авторы видеода пайда болған адамды «уақыт машинасы» арқылы пайда болды десе, кейбіреулері видеоны монтаждалған деп түсіндіреді. Алайда мамандар видеода ешқандай да тылсым дүниенің жоқ екенін айтты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: