Facebook WhatsApp Instagram

0

АДАМ БОЙЫНЫҢ ӨСУІ ҚАНША ЖАСТА ТОҚТАЙДЫ?

 

Адамның бойы қалай өседі? Бұл жөнінде медицинада қандай деректер келтіріледі?  
Мамандардың айтуынша, адам бойы нәсілдік белгілердің бірі болады. Ол балаларды жасы мен жынысына қарай бөлуде де маңызды роль атқарады. Жасына және жынысына байланысты адам бойының өсу сатылары әр түрлі болады. Мысалы, әйелдерде 19-20, ерлерде 25-26 жастарда бойдың өсуі тоқтайды. Бұдан соң жасы 50-ден асқаннан кейін еркектердің де, әйелдерді де бойы әрбір он жылда 1-1,5 см шөгіп отырады.
Бұл жөнінде "Қазақстан” ұлттық энциклопедиясында төмендегі деректер айтылған. Адам бойының өсуіне түрлі жағдайлар әсер етеді. Ересек адам бойының орташа мөлшері: ерлерде 165 см, әйелдерде 154 см. Адам бойы орташа мөлшерден кем не артық болуы көпшілік жағдайда әр түрлі аурулардың салдарыан болады. Адамның, әсіресе жас балалардың, дұрыс тамақтауы, ішер астың құрамы мен сапасы да бойдың өсуіне әсер етеді. Күнделікті тамақта витаминдер жетіспесе, немесе ағза ашықса, не бір ауруға шалдықса, бойдың өсуі тоқталып қалады. Адам бойыны өсуі дене шынықтыруға, ой еңбегі мен дене еңбегі дұрыс ұштастыруға да байланысты. Сондай-ақ, оған ішкі секреция бездері қызметінің де әсері болады.

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: