Сырдария өзенінің сол жағалауынан тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде.
Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада республикалық, облыстық бюджеттерден 220 пәтерлік 4 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 40 пәтерлік 4 көпқабатты кредиттік тұрғын үй құрылыстары басталды. Бұл тұрғын үйлер жыл соңына дейін табысталады деп жоспарлануда.