Facebook WhatsApp Instagram

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН БЕТІН БОЯП АЛДЫ

 

Әлемге әйгілі ауыр атлет Илья Ильин бүгінгі күндері өзін басқа да қырларынан танытып жүр. 
Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. 
Ауыр атлет әлеуметтік желіде белсенділік танытып келеді. Өзін түрлі бейнелерде көрсетіп жүрген көпшілік жақсы біледі. Бұл жолы ол өзінің бетін бояп соны instagram желісіне салған. Бұған жұртшылық түрлі пікірлер айтуда. Кейбірі «Сен – үздіксің!» «Бұл – біздің чемпион» деген секілді лебіздерін арнаған. Ауыр атлет бұл суретті хеллоуин мерекесіне қатысты салғанын белгілеген. 
Илья Ильин 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ересектер арасында Олимпиада және әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Дегенмен оның Олимпиадада алған алтындарына байланысты дау шығып, біршама уақыт үлкен спорттан шеттетілген. Ол жақында жаңа жұмыс орны — ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне кірісті. 

ИЛЬЯ ИЛЬИН БЕТІН БОЯП АЛДЫ

 


 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: