Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Гейтс жаңа пандемия болады деп болжам жасады

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс  үш жылдан, ең көбі 20 жылдан кейін жаңа пандемия болуы мүмкін деп болжады. Бұл жөнінде 365info.kz жазды. 
Хабар тарату барысында актриса Рашида Джонс кәсіпкерден жаңа пандемия болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды, деп хабарлайды РБК.
— Иә. Егер болса, ол 20 жылдан кейін басталады, — деп жауап берді Гейтс.
Бірақ ол жаңа эпидемиологиялық қауіп үш жылдан кейін туындауы мүмкін екенін ескертті.
Сондай-ақ Майкрософттың негізін қалаушы егер әлем қазіргі деңгейден сабақ алып, жаңа сынақтарға дайын болса, келесі пандемияның күші соншалықты жойқын болмауы мүмкін деп болжады.
Атап айтқанда, Гейтс Оңтүстік Корея мен Австралияның коронавирустың таралуына қарсы шарасын атап өтті, олар өте тез сынақтан өтіп, жұқтырған адамдарды оқшаулады. Гейтс сондай-ақ басқа елдерге COVID-19 тестілеу әдістерінің тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.
—  Біз келесі жолы осыншама ақымақ болмаймыз, — деп қорытындылады Гейтс.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: