Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Дәрігер сыр жегеннен туындайтын қауіпті аурулар жайлы айтты

Cыр ақуыздарға, кальцийге, дәрумендер мен амин қышқылдарына бай болғанына қарамастан, оны күнделікті нормадан асырмай сақтықпен қолданған жөн. Нутрициолог-дәрігер оны қалай қолданған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мәскеу 24"-ке сілтеме беріп.


"Негізгі тағамға қоспа ретінде болса, 20-30 грамм сыр жеуге болады, егер жеке тағам болса, 50 грамнан артық емес", — деді нутрициолог-дәрігер Айгүл Фазлиева.
Сырды нормадан жоғары тұтынған жағдайда холестерин деңгейі артады, бұл артық салмақ жинау қаупін тудырады. Сондай-ақ, сырдың құрамына назар аудару керек. Маманның айтуынша, оның құрамында натрий нитраты, пальма майы, өсімдік майы болмауы керек, өйткені олар несеп-жыныс жүйесінің ауруларын тудыруы мүмкін және жалпы денсаулықты нашарлатады.
"Егер лактозаға (сүт қантына) төзбеушілік болса, онда үш айдан астам уақыт тұрғызылған сырды таңдаған дұрыс. Мысалы, пармезан, чеддар, эмменталь", — деп түсіндірді Фазлиева.
Ол сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония және жоғары холестерині бар адамдарға майлы сыр жеуден бас тартқан дұрыс. Мұндай жағдайларда сырдың майлылығының мөлшері 20% -дан аспауы керек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: