Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының президенті Дана Уайт қыздар дивизионының басты жұлдызы 28 жастағы Ронде Роузиге қызық ұсыныс жасады. Оны жігіттермен жекпе-жекке шығуға шақырды.
Бұл ұсыныс әзіл секілді көрінгенмен оның шын мәніндегі сипаты басым. Өзінің салмақ дәрежесінде американ спортшысы қарсылас шақ келтірер емес. Роузи қатарынан 10 мәрте айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осының нәтижесінде 61 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын ешкім бермей келеді. Алдағы уақытта жекпе-жекке шығуды одан әрі жалғастыра бермек. Ал жігіттермен шеберлік байқасу жөнінде әзірге өз ойын білдірген жоқ.