Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Қырғызстанда дауға қалған «Себат» түрік лицейлері жабылуы мүмкін

Қырғызстанда дауға қалған «Себат» түрік лицейлері жабылуы мүмкінҚырғызстанда есек етін елдегі сауда орындарына және жаппай тамақтану желілеріне жеткізгендерге қатысты дау өршіп, «Себат» түрік лицейлеріне қатысы бар екені айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпараттың" Қырғызстандағы тілшісі Серік Есқалиев.   
Аталған мәселеге қатысты Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында «Себат» қызметкерлерін айыптаған бірқатар мақалалар жарық көрді. Онда Түркия азаматтары есек сойып, кондицияға сәйкес емес ет өнімін білім мекемелеріндегі асханаларға жеткізді деп жазылған. 
Бұған дейін Қырғызстан БАҚ-тарында Токмок қаласындағы «Себат» түрік лицейі оқушыларының сапасыз сүт өнімін ішіп, уланғаны, сол үшін білім мекемесі қызметін тоқтатқаны туралы да мақалалар жарияланған. 
Бүгін парламент отырысында сөз сөйлеген СДПК фракциясының депутаты Эркин Сәкебаев Токмок қаласындағы «Себат» лицейіне жүргізілген тексеру қорытындыларын мәлімдеді. 
Оның айтуынша, лицейде күніне 4 рет ыстық тамақ беріледі. Ал, балалар жаппай уланған 20 ақпан күні лицейде таңғы асқа қаймағы алынбаған сүт қосылған ірімшік, шәй және нан берілген. Сағат 11.00-16.00 аралығында медициналық орынға тамақтан улану белгісімен 57 бала шағымданыпты. 
«Оларға медициналық көмек көрсетілгенімен, 12 адам Токмок қаласы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Тексеріс кезінде санитарлық-гигиеналық нормалар қойылған талаптарға сәйкес еместігі анықталды», - деді депутат Э.Секебаев. 
ҚР Праламенті «Ата-Жұрт» фракциясының депутаты Жылдызқан Жолдашева Қырғызстандағы барлық «Себат» лицейлерінің қызметін тексеру және заң бұзу анықталған жағдайда оларды жабу керектігін айтты. 
«Мен сайттардан Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның аталған мектептер туралы жағымсыз пікір білдіргені туралы оқыған едім. Әріптестерімді бұл білім мекемелеріне мұқият назар аударуға шақырамын. Оларды құқық қорғау органдары немесе Үкімет құрған комиссия тексерсін. Тек, санитарлық нормалардың сақталуын ғана емес, барлық оқу бағдарламасын да тексеру қажет», - деді депутат. 
«Түркия Президенті Р.Эрдоған діни көсем Фетуллах Гүленнің «параллель құрылымдарын» түрік мемлекетін жою мақсатымен мектеп-лицейлер желісі арқылы қаражат жинағанын айыптаған. Гүлен бағдарламалары бойынша мектептер желісі Түркия және ел сыртындағы білім беру мекемелерін (соның ішінде «Себат» мектептер желісі) қамтып отыр. 
Ал осы аталған мәселеге қатысты Қырғызстандағы «Себат» білім мекемелерінің президенті Орхан Инан түрік басылымдарын есек етін ведомство қарамағындағы мектептердегі асханаларға жеткізгені туралы жалған ақпарат үшін сотқа беретінін мәлімдеді.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: