Германияда 65 жастағы әйелдің бірден төрт балаға аяғы ауыр екені белгілі болды. Бұл туралы belnovosti.by хабарлады.
Аннегрет Рауник есімді әйелдің бұдан бөлек 13 баласы мен 7 немересі бар. Бұл жолы ол жасанды жолмен жүкті болған. Мұндай қадамға баруының себебін 9 жастағы ең кенже қызының кішкентай бауыр керек деген өтінішімен түсіндірген. Қызының өтінішін аяқасты қылғысы келмеген ана бірнеше мәрте шетелдерде жасанды жолмен жүкті болуға әрекет жасайды. Ал бойына бір емес, төрт бірдей баланың біткенін естіген Аннерет Рауник алғашында қатты таң қалған. Десек те, ол балаларды өмірге әкелуге бел буып отыр.