Facebook VK WhatsApp Instagram

Әлем

0

iPhone 12 дизайны мен қашан шығатыны айтылды

Tmall онлайн-ритейлері жаңа iPhone 12-ге алдын ала тапсырыс қабылдауды жұмада, 16 қазанда бастайтынын хабарлады. Ресми хабарлама қытайлық Weibo желісінде шықты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды. 

Қазан айының үшінші жұмасында алдын ала тапсырыс беру басталатынына қарағанда, жаңа iPhone 13 қазанда шығады деген инсайдерлердің айтқаны рас болып шықты. Бұған дейін танымал желілік информатор Джон Проссер Apple компаниясының алдағы шарасы сол күнге жоспарланғанын, ал тапсырыс беру мерзімі 16 қазанда ашылатынын мәлімдеген. 
Қытайлық ритейлер тағы да бір мәлімдеме жасады. Tmall өкілі iPhone 12 Pro Max смартфонының қызыл және көк түсін жариялады. Суретте iPhone 11-дегідей көп камерасы бар модульді көруге болады. Ал дизайны iPhone 4 және 5-ке ұқсайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: