ДӘРІГЕРЛЕР: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР ҚАРТТАРДЫ ҚАН ҚЫСЫМЫ МЕН ДИАБЕТТЕН ҚОРҒАЙДЫ
Әлеуметтік желілер қарттарды қан қысымы мен диабеттен қорғайды. "Бұл туралы 591 еріктіге зерттеу жүргізген Мичиган (АҚШ) университетінің ғалымдары мәлімдеді" деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қатысушылардың орташа жасы 68 жас болған. Олар заманауи технологиялар жайлы сұрақтарға жауап берген. Респонденттердің 95%-дан астамы жаңа технологияларға көңілі толатынын айтқан. 72%-ы олардың тілін үйренуге қарсы еместігін білдірген.
Әлеуметтік желіні қолданатын қатысушылардың өмірге деген құштарлығы ерекше болған. Олардың арасында депрессия мен қан қысымының көтерілуі, диабет секілді созылмалы аурумен ауыратындар аз.
Еріктілер әлеуметтік желілер мен сөйлесу құралдарының артықшылығы көп және жаңа технологияларды үйрену пайдалы деп санайды, деп жазды MED daily.