АҚШ-тың Аляска штатындағы Уиттиер қалашығының өзіндік ерекшелігі бар. Ерекшелігі, онда мекен еткен тұрғындар бір-ақ үйде тұрады.
Қалашықта барлығы 220 адам бар. Бұл қоныста небәрі бір ғана үй бар. Ол 14 қабатты болып салынған. Тұрғындар сол үйде тұрады.
Айта кетерлігі, аталмыш үй алғашқыда жергілікті әскери бөлім солдаттарына арналған. Уақыт өте келе оған қарапайым тұрғындар да қоныстана бастады. Жергілікті жұрт жағалауда орын тепкен портта қызмет жасайды. Үйде тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Онда әлеуметтік орындардың барлығы қаралған. Мектеп, полиция бөлімшесі, шіркеу, аурухана, дүкен, тіпті фитнес-орталық та көпшілікке қызмет көрсетеді.