Facebook WhatsApp Instagram

Суреттер сөйлейді

0

СУРЕТШІ КӨЛЕҢКЕДЕН КӨРКЕМ ТУЫНДЫ ШЫҒАРЫП ЖҮР (ФОТО)

 

Бельгиялық суретші әрі режиссер көлеңкенің өзінен өзгеше өрнек шығаруға болатынын дәлелдеді, деп жазады reactor.inform.kz
Винсент Баль бір күні кесе көлеңкесінің пілге ұқсайтынын кездейсоқ байқаған соң, көлеңкеден көркем бейнелер жасауды қолға алған.
«Мен 2016 жылдың мамырында жаңа сценариймен жұмыс істеп отырып, үстелге қойған кесе көлеңкесінің пілге ұқсайтынын байқадым. Жетіспей тұрған элементтерін қаламмен салып, суретке түсіріп, Instagram салдым. Бұл сурет адамдарға ұнады. Содан кейін мен бұл істі жалғастыруға кірістім»-дейді.
Суретші әдетте өзіне ұнаған затты үстел үстіне қойып, оған жарық түсіреді. Әлгі затты біраз уақыт айналдырып, одан қандай бейне шығаруға болатынын бағамдайды. Содан кейін ойға келген образды сызықтармен өрнектеп шығарады екен. Бұл жерде жарық пен көлеңке үлкен рөл атақарады.
Винсент Баль суретші ғана емес, режиссер. Фильм түсіруге көп уақыт жұмсайтын режиссураға қарағанда бұл істің жылдам жасалатынын айтады.
Ол бұл хоббиін қолға алғанда желідегі жазылушылар саны 500 ғана болса, қазір 45 мыңға жеткен. Сондай-ақ жұмыстарын картиналар мен құттықтау қағаздарына негіз ретінде сатады екен. Алдағы уақытта жарық пен көлеңкенің қыр-сырына қатысты кітап шығармақ ойы бар.

 

 

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: