Африка құрлығында тау шаңғысына арналған курорт бар дегенге екінің бірі сене бермес. Солардың бірі – Марокко еліндегі Ифран курорты.
Ифран – аталмыш елдегі қар жауатын аймақтың бірі. Ол теңіз деңгейінен 1600 метр биікте жатыр. Ондағы ауа-райы да жиһанкездерге қолайлы. Аталмыш қалада қар қаңтар-наурыз айларында жатады. Оған бара қалсаңыз, көз алдыңызға еуропалық әсем қалашықтар көз алдыңызға келеді. Сондықтан да оны "Марокколық Швейцария" деп те атайды.