Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сең Қызылорда қаласынан қауіпсіз өтті

Сең Қызылорда қаласынан қауіпсіз өттіҚызылорда қаласынан өткен сең, ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Бумажник саяжайының тұсына жетті. Яғни, Қызылорда су торабынан 38 шақырым төмен тұр. 
Ауа райының күрт жылынып кетуіне орай, 2014 жылдың желтоқсан айының орта шенінен Жаңақорған ауданы тұсынан бастап сең қозғала бастаған болатын. Сол себептен Сырдария өзеніне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген кезекшілік ұйымдастырып, жедел топ мүшелерімен бірге Сырдария өзенінің бойына мониторинг жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыс сең Арал теңізіне жеткенінше тұрақты түрде жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: