Арал өңіріндегі экологиялық мәселелерді одан әрі жақсарту мақсатында Арал қаласына тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған полигон құрылысы аяқталды.
Полигонның жылдық қуаттылығы – 37,8 мың тонна. Полигон аумағында қалдықтарды орналастыруға арналған 3 котлаван, техникалық және өрт сөндіруге арналған су қоймалары, дизельді электрлі станция, автокөліктерге арналған жол, қоршау, қызметкерлерге арналған бөлме, жарықтандыру бағаналары, қақпа, автокөлік шиналарын дезинфекция жасайтын орын мен жанар-жағар май қоймасы орналастырылған. Полигонның аумағы түгел қоршалды. Экологиялық ахуалға, қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірмеуге жағдай жасалған.