Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды

Облыс аумағында 20-22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды.
Ол автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында қолға алынып отыр. 
Іс-шара аясында көлік жолдарында ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: