Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда пәтер ұрлығын жасауға оқталған жасөспірім ұсталды

2021 жылдың сәуір айының 18-і күні Арал қаласындағы жеке тұрғын үйдің пластик терезесін күштеп бұзу арқылы белгісіз біреудің бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында үйге кіріп, үйде адамдардың барын байқап, ешқандай зат ала алмай, оқиға орнынан қашып кеткені туралы аудан тұрғынынан полиция хабарлама түскен. Жәбірленушіге жалпы құны 20 000 теңге материалдық шығын келтірілген.
Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел барған Арал ауданының Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Жакенов Мырзажанның және полиция капитаны Кенжалиев Дәуреннің кәсіби шеберлігінің арқасында аталған ұрлыққа оқталу қылмысын жасаған кәмелет жасқа толмаған жасөспірім дер кезінде  қолға түсті.
Қазіргі таңда жасөспірімге қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: