Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әлеуметтік жәрмеңкеге 170-тен астам отбасы қамтылды

Әлеуметтік жәрмеңкенің тұрғындар үшін көмек болғаны сөзсіз. Бұл игі шара аясында Қызылорда қаласының түкпір-түкпірінен келген отбасылардың қарасы қалың. Бірі балаларына киім таңдаса, келесі бірі сол жерден өздеріне ұнағандарын киіп көріп, дорбаларына толтыра әкетуде. 
 Сөреде жинақталған киімдер арасынан еңбектеген сәбиден бастап, орта жастан асқан адамдардың барлығына тұрмыстық тауарлар табылып қалады. Ал бұндай әлеуметтік жәрмеңке облыстық орталықта алғаш рет ұйымдастырылып отыр дейді, орталықтың бөлім басшысы Болатбек Айтбенбетов: 
- Бұндай шара облыстық орталықта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Және жиылған тұрғындар үшін әлеуметтік жәрмекенің септігі тигеніне қуаныштымын. Сонымен қатар, бұндай игі шараны алдағы уақытта көшпелі негізде ұйымдастыру жоспарда бар,- деп сөзін қорытындылады. 
Еске салсақ, 16 маусым күні облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әлеуметтік жәрмеңке өтті. Жәрмеңке 2 ауысым бойынша жұмыс жасап, қаладағы 170-тен астам отбасы қамтылды. Дүкендегі қолданыста болған, дегенмен сапасына мән беріп, күтіп қаралған, пайдалануға жарамды тауарлар таратылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: