Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыр жүк тасымалдау қызметін көрсетеді

Қызылорда қаласының тұрғыны Біржан Нұрышев «Заңғар» жеке кәсіпкерлігіне жетекшілік етеді. Ол ауыр жүк тасымалдау қызметімен айналысуға көңіл бөлді.
 Сол арқылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы тиісті қаржыға қол жеткізді. Бұл мақсатта "Кәсіпкерлікті дамыту" бағыты бойынша 15 млн теңге алды. Несие қаражатына экскаватор-тиегіш арнайы техникасын сатып алып, ауыр жүк тасымалдау қызметін табыс көзіне айналдырып отыр. Несие мерзімі 5 жыл. Жылдық сыйақысы 6%-ды құрайды. 
Айта кетейік,АҚ Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне 4 пайызбен 6 миллион теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: