Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүк тасымалдау қызметін көрсетеді

Арал ауданының тұрғыны Төлеубаев Аманғали  «Ауыл шарушылығын қаржылай қолдау қорының» Қызылорда филиалынан «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізді.
Несие қаражатына «Газ 53» маркалы жүк тасымалдауға арналған автокөлігін сатып алып, жүк тасымалдау қызметін табыс көзіне айналдырып отыр. Несие мерзімі - 60 ай. Жылдық сыйақысы - 6 пайыз.
Айта кетейк, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы мүшелеріне 4 пайызбен 16 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: