Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балық сататын дүкен желісін кеңейтті

Айгүл Тойжанқызы шикі балықты көтерме-бөлшек сатумен айналысады. Бұл істі ол 1998 жылы бастаған. 
Бизнестегі алғашқы қадамын «Ескі базардағы» сатушылықтан жасаған Айгүл жылдар өте келе сауда нүктесін кеңейтіп, 2005 жылы «Алтын балық» дүкенін ашты. 2010 жылы Бегім ана көшесі бойында «Арзан балық» ғимаратын сатып алып, кәсібінің аясын одан әрі кеңейтті. Қиындығы мен қызығы мол бұл істе үнемі жұбайы қасынан табылып, көмегін аяған емес. Базарда тек жаңа ауланған балықтың түр-түрі сатылады. Көпшілігі облыстың жергілікті су қоймаларынан жеткізіледі. Сатушылар балықты толық тазалап, бөлшектеп те береді.
Қазір Айгүл өз дүкенінде сауда жасайды. Сауда залы қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, сөреден балықтың тұқы, жайын, шортан, жыланбас, көксерке, амур, сазан, күміс тұқы, табан, жерих секілді мол түрі үзілмейді. Сонымен қатар, қуырылған балық пен уылдырық, мұздатылған уылдырық және тартылған балық та ұсынады. бар. 
Жеткізіп беру қызметі де жолға қойыған. Дайын балық 5 тоннаға дейін өнім сыятын камералармен жабдықталған қоймада сақталады. Жақында Айгүл Тойжанқызы ысталған және қақталған балық сататын тағы бір дүкен ашты. Кәсіпкердің тұрақты клиенттері тек Қызылорда облысында ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да бар.
2021 жылы кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы несие алды. Жобаны «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, соның арқасында Айгүл жылына тек 6%-бен несие төлейді. Айырмасын мемлекет өтейді.
«Әр адамның тамақтану рационында балық болуы керек. Бірақ ағзаға пайдасы тиуі үшін балық дұрыс жағдайда сақталған болуы керек. «Арзан балық» дүкенінің үш тамаша артықшылығы бар. Бірінші: мінсіз қызмет. Екінші: өнімдердің жоғары сапасы. Үшінші: қолайлы баға»,- дейді Айгүл Мұханбетжанова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: