Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елордада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Нұр-Сұлтан қаласында Алматы облысымен бірігіп 11-12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді. 
Жәрмеңке «Хан шатыры» сауда орталығының жанында, Тұран даңғылы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысындағы бірыңғай конструкциямен жабылған алаңда ұйымдастырылады. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.
Жәрмеңкеде 70-ке жуық облысымыздың дихандары мен кәсіпорындары 40 жүк автокөліктермен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнімдерді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ұсынатын болады.
Облыстан жәрмеңкеге 100 тонна ақталған күріш, 20 тонна балық және балық өнімдері, 50 тонна асқабақ, 150 тонна бақша, 45 тонна көкөніс пен жеміс, 10 тонна ет пен шұжық өнімдері және 5 тоннадай сүт өнім түрлері жеткізіледі. 
Өнім тиелген жүк көліктері 8 қыркүйек күні жолға шығады. Сыр елінің Елордада өткізілетін жәрмеңкесі 2 күн болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: