«Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстіктен келген суық антициклон жауын-шашынның тоқтауына әсер етеді. Осылайша әуелі батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді.
Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін алмасады.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін өзгереді.
Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылыға дейін ауысады.
Ал республиканың оңтүстігінде түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылынады.