Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада медициналық туризм дамып келеді

Біздің өңіріміз шипажайлық қорларға бай өлке. 1930-1960 жылдар аралығында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазіргі таңда ел игілігіне жарап келеді. 1986 жылдан бастап, Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма – Арасан, Сарыағаш, Меркі, Жаңақорған және Қапал – Арасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпес сынды шипажайлар өз жұмысын бастап, еліміздегі ірі емдеу-сауықтыру орталықтарына айналды.


Бүгінде осынау шипажайлардың ішінде республикамыздың сыр өңірінен орын алған 4 сауықтыру орталығы жұмыс жасауда.Олар: «Жаңақорған» АҚ, «Шипажай Жаңақорған» ЖШС, «Ақ – Шуақ» ЖШС, «Орда Сығанақ»ЖШС шипажайлары.Бүгінгі күні бұлсауықтыру орталықтары – алдыңғы қатарлы емдеу әдістерін игерген, жаңа талаптарға сай мамандары бар ұжым. 
Жаңақорған ауданындағы бұл шипажайлар туралы естімегендер кемде-кем. Аталған сауықтыру орындары қазіргі заман талабына сай құралдармен жабдықталып, қазіргі таңда, бұл жерлерге келушілердің қатары едәуір өскен. Мұндағы Теріскен көлінің суы мен баршаға белгілі емдік балшығы кез келген ауру түріне шипалы. Соның арқасында аталған шипажайларға тек қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын аймақта тұратын адамдар да келеді. Бұл сауықтыру орталықтары жылына 30 мыңға жуық адамды қабылдайды. Жақын маңайды қоспағанда, сонау Алтай мен Атыраудан, Алатау мен Арқадан, қысқасы байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылар саны қазіргі ауыр кезеңде де толастамауы бұл орталықтардың  келешегінің жарқын екендігін аңғартады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: