Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Микроқаржы ұйымынан несие алды

Қызылорда облысында «Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымы арқылы қаржы алған кәсіпкердің бірі – Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрлан Ахтаев. 
Ол микроқаржы ұйымынан алған несиеге жүк тасымалына арналған машина сатып алмақ. Көлік кәсіпкерге пластик терезелерге арналған цехының жұмысын кедергісіз жүргізу үшін қажет екен.
«Ұйым осы жылдың маусымында ашылды. Жалпы биыл «Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымы арқылы 238 жобаға қаржы бөлінеді деп жоспарлап отырмыз. Қазір 11 жоба мақұлданып, оның екеуіне несие берілді. Мамандарымыз түгел, жұмыс жолға қойылды», – дейді ұйым директоры Имат Қуанышев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: