Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аққорған

Аққорған - орта ғасырлардағы қала. Қала аты Түркістан өңіріне байланысты саяси оқиғаларды баяндайтын орта ғасыр авторларының жазбаларында жиі кездеседі. 


Масуд бин Осман Кухистанидың хабарлауынша А. Сығанақ, Созақ, Аркук қалалары сияқты Әбілқайыр ханға өз еркімен берілген. "Үлкен сызық" кітабындағы деректерге қарағанда А. Жаңақорғаннан 70 қм, Сайрамнан 110 км жерде орналасқан. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған. Оны алғаш рет 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясын зерттеген. Осы күнге дейін Аққорған болып аталады. Екі деңгейден түратын трапеция тәріздес төбе. Басқа бөлігінен едәуір биік орналасқан бөлігінің аумағы 150x110 м, биікт. 6 м. Бұл цитадельдің орны. Оны қоршай орналасқан аласа тобенің қабырғалары: шығысында 210 м, батысында 240 м, оңт. және солтұстік боліктерінде 230 м. Қаланың қорғаныс қабырғасы мен оның сыртындағы ордың іздері анық сақталған. Жинастырылған деректерге қарағанда қала 15-18 ғ-да өмір сүрген.
 Әбілқайырдан кейінгі өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің хатшысы болған Рузбиханның жазуына қарағанда, Шайбани хан Аққорған және сол маңдағы бекіністі қалалардан өзінің әскерлерін азықтандыру үшін қанша астық жинаса да табыла беретіндігін айтады.
1446 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайыр Сығанақ, Өзгент қалаларымен бірге Аққорған қаласын да басып алған. 1581 жылы Өзгентке жорық жасап бара жатқан Абдолла ІІ ағасы Ибадулла сұлтанмен Аққорған маңындағы кең жайлауда кездескен. Аққорған қаласы кезінде сол аймақтың саяси және экономикалық өмірінде лайықты рөл атқарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: