Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіп өркендесе, әлеует артады

Шағын және орта кәсіпкерлік – елдегі жұмыссыздықты азайтудың, саланың елді мекендерде кең қанат жаюының, жеке тұлғалардың күнкөріс деңгейін арттырып, табысын молайтудың бірден-бір жолы. Мұнымен қоса дамушы мемлекет үшін кәсіпкерлікті өрістету өркениетті елдермен иық тіресуге де мүмкіндік беретін сала. Сол себепті қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік саласына көмек те, қолдау да көп. Мемлекеттің басым бағыттарының бірі де осы шағын кәсіпкерлік саласының аясын кеңейтуді көздейді. Бұл ретте бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске қосылып, кәсіпкерлердің игілігіне жұмыс істеуде. 
Жалағаш ауданындағы кәсіпкерлік саласы кенже қалмай, қолдан келгенше кәсібін дөңгелетемін дегендерге қолдау білдіруде.
Осы жылдың маусым айына дейінгі мәлімет бойынша, ауданда 2331 ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъектісі тір­келген. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны – 2147 субъекті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22 бірлікке азайған. Дегенмен қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға өсім алған. Өнеркәсіп өнімін өндіру саласы бойынша есепті кезеңде 6 738,0 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,1 есеге артық орындалған. Аудандағы өнеркәсіп өнімінің өсім алуына «Таң ЛТД» ЖШС А.Исахановтың күріш ақтау зауытының үлесі тиіп отыр. Яғни, осы күріш ақтау цехындағы жұмыстың ширақ әрі өнімді, нәтижелі болуы аудан өнеркәсібінің өсім алуына айтарлықтай септігін тигізуде. Өнеркәсіптің өңдеуші секторы 7,8 есеге артып, 6 436,9 млн теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде электрмен жабдықтау 74,6 пайыз болса, сумен жабдықтау 76,9 пайызды көрсетті.
Ал негізгі капиталға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 6 648,0 млн теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 112,7 пайызға артқан.
Айта кетейік, ауданда мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, шағын және орта бизнесті қолға алғандар көп. Ресми мәлімет бойынша өткен жылдың бірінші жартыжылдығында ауданда 2340 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркел­ен. Бүгінгі күнге жұмысын дөңгелетіп әкеткен азаматтар аз емес. Кәсіпкерлік бағыттағы ашылған әрбір нысанның иесінен бөлек, басқаларға да пайдасы тиетіні анық. Ауданға түсетін салықтан бөлек, кәсіп иелері жұмысының көлеміне қарай бірнеше адамды жұмыспен қамтиды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: