0
Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда қалай демалады?
2021 жылдың соңғы айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желтоқсанда екі мереке бар – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.
Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және сәрсенбіге сәйкес келді. Бұл күні ел тұрғындары алғашқы демалыс күнін өткізеді.
Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады. Екі мерекеден кейін бірден екі тұрақты демалыс болады – сенбі және жексенбі, 18 және 19 желтоқсан.
31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді.
Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар үшін 4 күн қатарынан – 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс болады.
Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері үш күнге созылады