Кәрiбай кесенесi ХХ ғасыр басындағы архитектуралық ескерткiш.
Кәрібай өте бай, ауқатты кісі болған. Кәрібай ескерткішінде жергілікті жердің тұрғыны Төре Әлпейіс ұста салған.
Кесене күйдірілген кірпіштен тұрғызылған (6х13,5х26 см, 5х25х25 см). Кесене порталды –күмбезді, дамыған кіреберіс жері бар. Жоспары жағынан төрткүл сағананың негізгі көлемі күмбезасты барабанында күмбезбен жабылған, сағананың қабырғалары ішке қарай аздап иілген, ал барабан керісінше жоғары қарай аздап кеңейе түскен. Негізгі көлемнің барлық төрт бұрышты жоспары жағынан бүйірлерімен шығып тұратын, оған төрт бұрышты жұқа тақтайлармен бекітілген, ұшы бар тарылатын үш жиырма бестік мұналарамен ерекшеленген.