Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 300 орындық мектеп ашылады

Бір ай  бұрын іргетасы қаланып бастаған Ипподром мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.


Мердігер компанияның айтуынша, 2023 жылы берілуі тиіс нысанды мерзімінен бұрын яғни биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Ал МАЙ бекетіндегі 300 орындық мектептің құрылысы әкімдіктің қатаң бақылауында. Сондай-ақ, кент орталығындағы 600 орындық №169 орта мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Биыл жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бүгінде Жаңақорған ауданында бала санының өсімі жоғары. Осы ретте мектепке дейінгі білім беру мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 118 балабақшада 6 141 бала тәрбиеленуде. Балабақшаларда орын тапшылығын жою мақсатында бүгінде Бірлік ауылында 90 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Жаңа балабақша биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, биыл Жаманбай батыр ауылында да 90 орындық балабақшаның құрылысы басталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: