Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Соттың оң имиджін қалыптастыру

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң реформалар жүргізу кезінде сот билігінің мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінде заңды түрде танылып, құқықты мемлекет талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін құруға бағыт алынды. Біздің мемлекетте сот жүйесін құру кешенді сипаттағы ұйымдастырушы және құқықты шаралармен жүргізілді.


Қазіргі күндері сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығына баса назар аударылып келеді. Қарапайым халықтың сотта қаралып жатқан істер бойынша мол мағлұмат алуына қолайлы жағдай жасалды. Бұл орайда мерзімдік басылым өкілдері сот отырыстарына қатысуына мүмкіндік бар. Нәтижесінде халық әрбір қаралған іс бойынша жан-жақты мәлімет алуына болады.  
Осы орайда сотта атқарылып жатқан барлық іс-шаралар қоғам назарынан тыс қалмайды. Олардың басым бөлігі республикалық және жергілікті дегейдегі газет-журнал беттерінде, интернет-сайттарда, теле және радио желілерінде кеңінен жарияланып тұрады. 
Демократиялық қоғам құрудағы негізгі талаптың бірі – әділ сот төрелігі. Сол арқылы елімізде тұратын әрбір азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтіріп, олардың мүддесін қорғауға жол ашылады. Әрине, сот төрелігіне екі тарап та жүгінеді. Әділдіктің ақ туын желбірете отырып, жәбірленуші тараптың мүддесін қорғауға назар аударылады. 
Ашығын айтсақ, сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасынан айқындалады. Жалпы, халық үшін соттың жұмысы қолжетімді болуы қажет екені белгілі. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. 
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан судьялардың кәсіби деңгейін арттыра отырып, олардың біліктілігін көтеруге барынша көңіл бөлініп келеді. Сол арқылы сот жүйесін жаңғыртуға, сот өндірісінің жаңа моделін құруға жол ашылды. 
Сот төрелілігін жүзеге асыру барысында судья негізгі тұлға болып табылады. Сондықтан оларға үлкен міндеттер мен талаптар жүктеледі. Еліміздің әрбір тұрғыны сот жүйесінің ашық, заңның үстем болуын талап етеді.
Кейінгі жылдарда жүргізілген реформалар нәтижесінде сот процестері аудиобейне тіркеу техникалық құралдарын қолдану арқылы өткізілуде. Нәтижесінде процессуалдық заңнама талаптары сот және де сот процесіне қатысушылар тарапынан қатаң сақталуда. Аудиобейне тіркеу құралдарын сотта қолдану кезеңінен бастап судьялардың сот процесін жүргізу ісі жетілдірілді. Сот жүйесінде электрондық бағдарламалар дамыды. Талап арызбен сотқа электрондық түрде жүгінуге болады.
Бүгінгі таңда сот жүйесі өз қызметін жетілдіруде көптеген жетістіктерге жетті.

К.Еспенбетова,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: