Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада өртте бір адамды күйік шалды

20 желтоқсан күні 11 сағат 31 минутта мерей мөлтек ауданы 23 мекен-жайда орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 1 қабатынан түтін шығып жатқаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама түсті.
Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Өртке қарсы қызметінен 2 өрт сөндіру және 1 автосаты 8 қызметкер жұмылдырылды. Алғашқы жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде Мерей мөлтек ауданы 23  көп қабатты тұрғын үйінің 3 қабатындағы пәтердің жатын бөлмесіндегі тұрмыстық заттары жанып жатқаны анықталды. Газ түтінінен қорғау буынына қосылған қызметкерлер оқиға орнында зардап шегушілердің қалып қоймауы үшін барлау жүргізді. Осылайша Газ түтінінен қорғау буынымен ес түссіз жатқан ер адам жатқаны анықталып, 1- мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ибраев Данияр бастаған звено құрамында сержант өрт сөндіруші Боранбай Ержан және аға өрт сөндіруші сержант Жақсыбек Шержан,  аға өрт сөндіруші Әбжан Бағдәулет   Ес түссіз жатқан 1961 жылы туылған ер азаматты қауіпсіз жерге шығарып алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдемге табыстады. Өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс қимылының нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйдің өзге пәтерлеріне таралуға жол берілмеді. Қазіргі таңда өрттің щығу себебі мен шығыны анықталуда.  Зардап шеккен 1961 жылы туылған азаматтың  жағдайы ауыр. Дәрігерлердің жіті қарауында. Ақ халаттылардың мәліметінше  азаматтың бетін 10-19% термиялық күйік шалған, және көмірқышқыл  газына уланғаны анықталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: