Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас күйінде тағы ұсталды

Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған "BMW" автокөлігі тоқтатылды.
Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен 2022 жылдың ақпан  айында жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды. 30 жастағы жүргізушінің автокөлікті  мас күйінде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: