Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағашта газ тарту қарқынды жүргізілуде

Бүгінде Жалағаш кентіндегі 2520 тұрғын үй, 9 әлеуметтік нысан мен 108 кәсіпкерлік нысаны орталықтандырылған газ желісіне қосылған. Бұл аудан халқының 39,5 пайызын құрайды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.


-Ауданға қарасты Ақсу және М.Шәменов елдімекенін газдандыруға жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды. Ал Таң, Жаңақоныс, Аққұм, Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Далдабай елдімекендеріне газ желісін тартуға жоба- сметалық құжаттары әзірленуде. Ерекше айта кететін жайт, биыл "Ақтерек" учаскесінде жаңа тұрғын ауданының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын газбен жабдықтауға республикалық бюджеттен  603 млн. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан 5 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газға ауыстыру бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оның 4-еуі республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды, - деп мәлімдеді аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: