Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Су маржанына сұраныс көп

Теңізді өлкенің басты байлығы саналатын балық шаруашылығы оң қарқынмен дамып келеді. Бүгінде Кіші Арал теңізінде 19 түрлі су маржанының саны өсіп, тұрақты көбеюде. Осы орайда, былтыр 7,7 мың тонна балық ауланып, одан 4534 тонна өнім өңделді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов хабарлады.


- Арал дегенде ең бірінші балық еске түсетіні баршаға белгілі. Осы ретте ауданда балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынып, тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтар қатары көбейді. Қазіргі таңда Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, ал кәсіпшілік мақсатында 17 түрлі су маржаны ауланады. Ауданымызда балық аулаумен қатар, одан өнім түрін көбейту жұмыстары да жолға қойылған. Атап айтқанда, жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты балықты қатыру, мұздату, ыстау сияқты өңдеумен айналысады. Ерекше айта кететін жайт, «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-і Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісін алған болатын. Бұл ретте Арал теңізінің су маржандары бірқатар шет мемлекеттерге экспорттауға мол мүмкіндік алды, - деді  аудан әкімі Серік Сермағамбетов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: