Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Байқоңырдан" ұшырылатын ресейлік зымырандардың қоршаған ортаға әсері бағаланатын болады

Үкімет 2023 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне толықтырулар енгізген қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Құжатта 2019 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында бірқарат шаралар қабылданатыны айтылған.
Ол шаралар мыналарды қамтиды:
- жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық басшыларын тасымалдағыш зымыранның алдағы ұшырылуы туралы құлақтандыру;
- тасымалдағыш зымыранды ұшыру алдында құлау ауданын шолып байқау және тасымалдағыш зымыранды ұшыруды жүргізу кезеңінде құлау ауданын уақытша жабу;
- тасымалдағыш зымыранды ұшыру жүзеге асырылған соң тұрғындарды (бар болса) құлау ауданынан эвакуациялау және оларды қайтару;
- тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің фрагменттерін іздестіру; 
- табылған сұйықтықты зымыран қозғалтқыштарын (немесе олардың фрагменттерін) және тасымалдағыш зымыраннан бөлінетін бөліктерінен құрамында бағалы металдары бар бұйымдарды (немесе олардың фрагменттерін) ұшыруды жүргізетін ұйымға қайтару;
- жануарлар дүниесіне және өсімдік жабынына әсерді төмендету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормативтерін сақтау;
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: