Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

1

Білім мен еңбекті ұштастырған білікті маман

Қоғамның дамуы мен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз ісіне адал, білікті мамандардың еңбегі ерекше. Солардың бірі – Республикалық ветеринариялық зертхананың Қызылорда облыстық филиалының ветеринариялық дәрігер-бактериологы Түсекеева Индира Базарбекқызы.
Индира Базарбекқызы 1991 жылғы 8 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімге деген құштарлығы мектеп қабырғасынан-ақ байқалып, оқуын қызыл, ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтады. Жоғары білімді 2011–2016 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде алып, «Ветеринариялық санитария» мамандығын үздік дипломмен тәмамдады.
Еңбек жолын 2017 жылы Республикалық ветеринариялық зертхананың Қызылорда облыстық филиалында санитар қызметінен бастаған жас маман өзінің жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында лаборант қызметіне көтерілді. Қазіргі таңда ветеринариялық дәрігер-бактериолог ретінде маңызды зертханалық жұмыстарды атқарып, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосып келеді.
Кәсіби қызметінде Индира Базарбекқызы дәлдік пен ұқыптылықты басты қағида санайды. Ол өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге ұмтылады. Әріптестері арасында іскерлігімен, жауапкершілігімен және адамгершілік қасиеттерімен құрметке ие.
Жас болса да, мол тәжірибе жинақтап, өз саласының білікті маманы атанған Индира Базарбекқызының еңбек жолы – табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және мамандыққа деген адалдықтың жарқын үлгісі. Осындай жас мамандардың еселі еңбегі ветеринария саласының дамуына, елдегі биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Әділхан Молдағалиұлы
Әділхан Молдағалиұлы
8 шілде 2026 15:47
Аяулы жар үлгілі отбасы төрт баланың  Анасы🌹🌹🌹