Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшы ауданында автоволонтерлер қолдау көрсетті

Сайлау күні Қармақшы ауданында қарт тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі қауіпсіз жетуіне автоволонтерлер қолдау көрсетті.

Аудан бойынша азаматтарға көмек көрсетуге автоволонтер және автокөлік жұмылдырылды. Ерікті жүргізушілер қарт тұрғындарды тұрғылықты мекенжайларынан алып, сайлау учаскелеріне жеткізді. Дауыс беріп болған соң оларды қайтадан үйлеріне жеткізу жұмыстары да ұйымдастырылды.
Еріктілердің бұл бастамасы үлкенге деген құрмет пен жанашырлықтың нақты көрінісіне айналды. Әсіресе егде жастағы азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасау – қоғамдағы өзара қолдаудың маңызды белгісі.
Үлкенге құрмет – елге ортақ қасиет. Қолдау көрсеткен әр волонтерге алғыс!

#ҚармақшыАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#ҚармақшыҚұрылтай
#Сайлау
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: