Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полицияның автокөлікті тоқтатуын заңсыз деп тану туралы шағым қаралды

Полицияның автокөлікті тоқтатуын заңсыз деп тану туралы шағым қаралды

 

Азамат Т. сотқа ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкері автокөлікті тоқтату кезіндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы шағым арыз берген. 
Ол өзінің шағымында полиция қызметкерлері өзін Төретам қыстағынан №3 КПП бағытына қарай №9 алаңда тоқтатқанын айтқан. Алайда, ол аймақ Ресей Федерациясының аумағына жатады. Соған қарамастан оны полиция қызметкерлері автокөлік айдаудан алшақтатып, медициналық тексеруден өткізуге арнайы медициналық бекетіне апарған. Кейін хаттама толтыру үшін ҚР ІІМ өкілдігіне жеткізген. 
Төретам әкімшілігінің жауап хатына сай К.Байсейтова көшесі Төретам қыстағының қарауына жатады деп берілген. Арызданушы Т. әкімшілік құқық бұзушылық хаттамада және өз қолымен жазған түсініктемесінде өзін тіркеу техникалық құжатынсыз К.Байсейтова көшесінде полиция қызметкерлерінің тоқтатқанын көрсеткен. Соған сәйкес, азамат Т.-ның шағым арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: