Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда экотуризмге мән берілмек

Қазалыда экотуризмге мән берілмекҚазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы алқа мәжілісін өткізді. 
Бөлім басшысы Әліби Әбиев аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 671-ді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артқандығын жеткізді. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 8 292-ге жеткен. Ал шағын және орта кәсіпкерлерден аудан бюджетіне 920,8 млн теңге салық түскен. 
Аудандағы кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік бағдарламалар тікелей ықпалын тигізуде. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 5 жоба несиелік субсидиялау бағытында көмектер алған.Кәсіпкерліктің аясын кеңейту мақсатында «Сауда логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы әзірленуде. Жоба іске асқан уақытында 100-ден астам адам жұмыс орнымен қамтылмақ.
Негізінен, өңірде ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, өнім өңдеуге, өндіруге басымдық берілуде. Ауданда «эко туризмді» және тарихи Жанкент қалашығын өлкетану туризмі ретінде дамыту қолға алынып отыр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: