Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бұл Тарзан кім болды екен?

Кеше қызық болды. Бір жерлесім түңгі он екіде хабарласып, "бір жерге барып келейікші" деп өтінді. Сүйтсем, мықты біреумен дуылдатып жүр екен. 

 

Екеуін Алтын Орданың арғы жағындағы ауылға алып бардым. Әлгі жерде де ырду-дырду болып жатыр. Кілең қызып алғандар қараңғыда бетіңе төніп келіп амандасады. Шетінен кезінде шулатқан жігіттер екен. Әлгі жерге барып алып, кеткенше асықтым. Баяғыда бірден араласып кететін едім. Қазір ішкен адамды мүлдем жақтырмайтын әдет пайда болыпты. Әңгімеміз жараспай қала ма деп тұрдым. Айтайын дегенім, қасымдағылар жарты сағатқа кіріп шығамыз деген, екі жарым сағаттай бөгелдік. Басында сыртта тұрып, кейін ішке кірдік. Қызық осы кезде басталды. Әңгіменің арасында "Тарзан" дейтін бір жігіт туралы айтылды. Ол да сол жерде жүрген біреу. Мен барғанда түпкі бөлмеде интернетте отырған екен. Содан бір-бірін сөзбен қағытқандар Тарзан туралы: "Ой, ол бір айдан бері интернеттен шықпайтын болды. Сағат жетіде жұмыстан келе салып, Фейзбуктегі "Қазақтың тың тарихы" деген топқа кіреді. Арақ ішпейтін болды. Қазір оның кәйпі сол" деді. Ішім қылп ете қалды. Қазір қасымдағылар мына тұрғандарға "Сол Жолымбет мына тұрған жігіт қой. Бұл менің досым" десе қайтем деген ой кетті. "Ойбай, бауырым, сені дәл осы жерден көрем деп ойламаппын" деп арғы жақтан арсалаңдап Тарзан бауырым шыға келсе....Қойшы, әйтеуір содан жарты сағатқа деп кіріп, екі жарым сағатқа бөгелген жігіттердің аузынан бір уақытта "Ал, жарайды" деген сөз шыға бастады. Жаңағы әңгімеден кейін тура бес минут өткенде кері қайттық. Менің сол топтың иесі екенімді ешкім білмей қалды. Жолда келе жатып "бұл Тарзан кім болды екен?" деп ойладым. Сарқант жақтың жігіті сияқты еді. Әй, барсың ба Тарзан?

Жолымбет Мәкішев

Фейсбуктегі парақшасынан 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: