Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Батыс Қазақстан облысындағы ірі жол апаты туралы жаңа деректер пайда болды (видео)

"Ақтөбе-Орал” тас жолында апатқа ұшыраған автобустағы өзбекстандық жолаушылар өздерінің баратын жері жоқ екенін айтуда.
Бұл туралы Мой город хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысындағы ірі жол апаты туралы жаңа деректер пайда болды (видео)

 

Еске сала кетейік, бүгін таңда 65 адам мінген жолаушылар автобусы көпірден құлап, 4 адам қаза тапқан болатын. Автобустағы жолаушылардың барлығы Ресейге жұмыс іздеп бара жатқан Өзбекстан азаматтары.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, ауруханаға әртүрлі жарақаты бар 23 адам жеткізілген. Олардың екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
"Бізге бірінші көмекті көрсетті. Мен жол апатының қалай болғанын білмеймін, ол кезде ұйқыда едім. Өзім Ташкенттенмін, Мәскеуге жұмысқа бара жатырғанбыз”, – дейді автобустағы жолаушылардың бірі Замиден.
Замиденнің отбасы бұл апат туралы әлі естімеген екен.
БҚО-дағы Сырым ауданы маңында болған ірі жол апаты таңғы сағат 5:30-да болған. Оқиға орнында 4 адам жан тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: