Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «сәнді» нөмірлерден 36 млн. теңге табыс түсті

Қызылордада «сәнді» нөмірлерден 36 млн. теңге табыс түстіҮстіміздегі жылдың 20 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы күшіне енгені белгілі. Осы Заңға сәйкес бірыңғай сандардан құралған «сәнді» нөмірлердің бағасы белгіленіп, сатылымға түскен болатын.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары сұранысқа ие «сәнді» нөмірлердің бағалары екі санатқа бөлінген. І санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне  001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері жатады. Олардың сатылымдағы құны 422 256 теңгені құрайды. ІІ санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне 100, 111, 888, 999 нөмірлік белгілері жатады және олардың сатылым құны  253 724 теңгені құрайды. 
2014 жылдың көлемінде Қызылорда облысы бойынша І санаттағы нөмірлердің  27 данасы, ал ІІ санаттағы тіркеу нөмірлерінің 58 данасы сатылып, облыс бюджетіне жалпы құны 26 млн 118 мың 644 теңгені құрайтын табыс түсірді. 2015 жылдың 3 айында  облыс бойынша І санаттағы мемлекеттік    тіркеу нөмірлерінің 8 данасы 3 млн 615 мың 168 теңгеге, ал ІІ санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің 25 данасы 6 млн 788 мың 350 теңгеге сатылып, облыстық бюджетке барлығы 10 млн 403 мың 518 теңге табыс түсірілді.
Заңға сәйкес, жоғары сұранысқа ие нөмірлер кез-келген Қазақстан азаматы, яғни жеке және заңды тұлғалар сатып алу мүмкіндігі бар. Ол үшін, Қызылорда қаласы Жібек жолы көшесі, 22-үйде орналасқан Қызылорда ОІІД ӘПБ ТЕЖ (тіркеу-емтихан жұмысы) бөліміне келіп өтініш беруге болады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: