Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жеткіншектің қолы жылу радиаторына қысылып қалған

Жеткіншектің қолы жылу радиаторына қысылып қалғанҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы  мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда қаласының тұрғыны Г.Абилова есімді азаматшадан 7 жасар немересінің қолы жылу радиаторы секцияларының арасында қысылып қалғаны жөнінде хабар түсті. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Жасақ құтқарушылары оқиға орнына барғанда 7 жасар қыз бала ойнап жүріп, жылу радиаторы секцияларының арасына екі қолының шынтағын тығып алып, қайта шығара алмай қалғандығы анықталды. Құтқарушылар баланың қолын жылу радиаторы секцияларының арасынан ептілікпен шығарып алды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: