Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында есірткіге қарсы фестиваль ұйымдастыру» тақырыбында сценарий әзірлеу облыстық шығармашылық жұмыстар сайысы өткізді.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметнің хабарлауынша, сайысқа 53 оқушы, студент қатысты. Олар дәлелді фактілерді қолдана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәл және көркем жеткізе білді. Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, 53 байқауға қатысушының 19-ның шығармасы ерекше атап өтілді. Ал сайыс қорытындысы бойынша топтан оза шапқан Қармақшы ауданының Ақжар ауылы №28 орта мектебінің оқушылары Әділбекова Назерке, Камалова Алтынай, №105 орта мектебінің оқушысы Исаева Ақтолқын, ІІІ Интернационал ауылы №108 орта мектебінің оқушысы Меңдібала Аида, Қуандария ауылы №186 орта мектебінің оқушысы Ильясов Ұлан, №250 мектеп- лицейінің оқушысы Жалғасбаева Динара, Қызылорда қаласының «Мұрагер» мектебінің оқушысы Серикова Адина, №23 мектеп-лицейінің оқушысы Жиынбаева Алина, №264 орта мектебінің оқушысы Өмірзақ Зухра мен Өмірзақ Зарина байқау жүлдегерлері болып танылды.
Алайда, «жарыс болғаннан кейін жеңімпаздары да болады» демекші, ең үздік деп танылған сценарий авторы Қармақшы ауданы №111 мектеп оқушысы Сыражов Ермұхаммед 1-орынды иеленсе, екінші және үшінші орындарды Қармақшы ауданы №107 орта мектебінің оқушысы Серікова Құралай мен Қазалы ауданы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Иса Айданай теңдей бөлісті.
Осыған орай, 2015 жылдың 29 сәуірі күні 11.00-де Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің кіші мәжіліс залында үздік деп танылған жұмыс авторларын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар департамент басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, планшеттер естелік сыйлық ретінде ұсынылды.