Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 33 жол қозғалысы белгілері орнатылды

Қызылордада 33 жол қозғалысы белгілері орнатылдыЖол жағдайын, жол қозғалысының ұйымдастыруын және көлік құралдарының техникалық жағдайын жақсарту, облыс жолдары мен көше-жол тораптарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімі қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан облыс көлемінде 415 дана жол белгілері жаңартылып, 128 дана жол белгілері қайта жөнделіп, қалпына келтірілсе, 450 текше метр қоршаулар орнатылды. Қызылорда қаласы көлемінде 350 шақырым жол үсті таңбалары түсіріліп, 97 жерде жаяу жүргіншілерге арналған жол үсті таңбалары сызылса, оның 90 пайызы білім беру орындары және мектепке дейінгі мекемелер айналасында орналастырылған. 
«Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» атты іс-шарасы барысында облыс орталығында орналасқан 28 мектептер айналасына 33 дана «Абайлаңыз балалар», «Жылдамдықты шектеу» жол белгілері орнатылып, 520 метр жаяу жүргіншілерге арналған жолдар (тротуар) салынып, жасанды жарықтандыру жүйелерімен жабдықталды.
Облыс орталығында Әкімшілік полиция қызмеркеткерлерімен халықтың көп шоғырланатын жерлері зерделеніп, зерделеу нәтижесінде көлік кептелістері мен жаяу жүргіншілерді көлік құралдары қағу деректері өсім алған жерлерге жол үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу бойынша Қызылорда қалалық әкімшілігіне ұсыныстар жолданған болатын. Нәтижесінде қаламыздың «Жайна» сауда үйінің және «Болашақ» университетінің жанынан жол үсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынып, қолданысқа берілді.
Алдағы уақытта, қаламызда басқа да халықтың көп шоғырланатын жерлері зерделеніп, жол үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуға ұсыныстар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: