Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Төтенше жағдайлар департаменті көрме өткізді

Төтенше жағдайлар департаменті көрме өткіздіҚызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Ресей Федерациясы «Құтқару құрал-жабдықтары» ЖАҚ автокөліктерінің көрмесі болды. Бұл жөнінде департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.
Онда  Ресей Федерациясы «Құтқару құрал-жабдықтары» ЖАҚ-ның мамандары Қызылорда облысындағы әріптестеріне және басқа  да салаға қатысты мекеменің басшыларына  «Басқару бекеті», «Радиациялық-химиялық қорғау автомобилі», «Реаномобиль» секілді автокөліктері және ондағы  құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырылды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей Федерациясының мамандарының бірігіп тәжірибе алмасу ретінде өткен көрме өткізілді. 
Іс-шараның соңында Ресейлік мамандардың топ басшысы Бабичев Валерий Алексеевич өз тарапынан Қызылорда облысындағы әріптестеріне алғыс білдірді. Аталмыш көрме жөнінде жергілікті «Қоғам ТД» телеарнасы арқылы насихатталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: