Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Азаматаша көшеде жүргіншілерді неге мазалады?

Азаматаша көшеде жүргіншілерді неге мазалады?Азаматша Ж.М. 2015 жылдың 11 мамырында сағат 23.20 шамасында Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, №41 үй жанында орналасқан «Көктем» кафесінің алдында сексуалдық  сипатта қызметтер көрсету жөнінде өтініш білдіріп, жаяу жүргіншілерді мазалаған.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осылайша  көше бойында өткен-кеткен азаматтардың мазасын алған. Осыған орай полиция қызметкерлерімен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа  жолданған.Сотта құқық бұзушы Ж.М. кінәсін мойындап, өкініп, кешірім сұрады.
Құқық бұзушы Ж.М. әрекеті өз кінәсін мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарына тіркелген полиция қызметкерінің баянхатымен, 11.05.2015 жылғы №0130610 санды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және істің басқа да құжаттарымен өз дәлелін тапты.
Құқық бұзушының әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен дұрыс дәрежеленген, себебі Ж.М. осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, сексуалдық сипатта қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіруді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап  жасаған.
Құқық бұзушы Ж.М. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19820  теңге айыппұл салынды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: